Қазақстанның жаңа Конституция жобасы қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Бұл
үдеріс «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асуын
бағамдауға мүмкіндік береді. Астанадағы Президенттік орталықта өткен талқылау
қатысушылары осылай дейді. Құқықтанушылар, негізгі заң жобасында цифрлық ортада
адамның жеке өмірі мен дербес деректерін қорғау, адвокатураның рөлін нығайту
бастамаларын жоғары бағалап отыр.
Есберген Алауханов, Заң ғылымдарының докторы, профессор:
- Бұл конституцияның бір ерекшелігі адамның құқықтары мен бостандықтарын
қорғау жөніндегі үлкен тарау, ол – адвакатура. Бұл өте дұрыс болды. Бұған
дейінгі конституцияларда мұндай ден қойылмаған еді. Қазақстанның байлығы халық.
Біз кез-келген уақытта өзіміздің Қазақстан халқына тегін заң көмегін көрсете
аламыз.
Ал Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың айтуынша, Қазақстан саяси дамудың жаңа
кезеңіне қадам баса отырып, соңғы онжылдықта әлемде орын алған ауқымды геосаяси
өзгерістерді ескеруі қажет.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қазақстанның ішінде тұрақтылықты сақтайтын сонымен бірге осы біздің
мемлекетімізді өте күрделі жағдайда, мемлекеттік мүдделер тұрғысынан
ұйыстыратын құжат керек. Міне, жаңа конституция осы өте күрделі жағдайдағы,
тұрақсыз замандағы тұрақты Қазақстанды қалыптастыратын негізгі құжат болып
табылады.

