Құрылтай сайлауына партиялық тізімдерді тіркеу аяқталды

Құрылтай сайлауына партиялық тізімдерді тіркеу аяқталды

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға барлық жеті партияның тізімін тіркеді. Дауыс беруге бір ай қалғанда сайлау науқанына қатысушылардың нақты құрамы анықталды. Жаңа бір палаталы парламенттегі 145 орынға 545 кандидат үміткер. Орталық Сайлау Комиссиясы соңғы 2 партияның тізімін бекітті,  «Ауыл» партиясының атынан 69 кандидат, сондай-ақ «Әділет» ұсынған 186 адам тіркелді. Олардың барлығы Конституция талаптарына сай келеді, әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті квота сақталған - олардың үлесі 47% -дан асады. Айта кетейік, бұған дейін «Ақ жол», «Байтақ», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстан Халықтық партиясы және Respublica партиялары тіркеуден өткен болатын. Келесі кезең үгіт-насихат науқаны болмақ. Шара 23 шілдеде басталып, 22 тамызға дейін жалғасады. Осы уақытта саяси партиялар сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, бүкіл ел бойынша сайлаушылармен кездесулер өткізеді. Ал 23 тамызда қазақстандықтар Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына қатысады.


Рауан Кенжеханұлы, «Әділет» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі:


- Ұсынылған үміткерлердің 86%-ы - жаңа адамдар. Бізде барлық индустрия, ел өмірінің барлық маңызды салалары қамтылған.


Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» партиясының төрағасы:


- Тізімде кәсіпкерлер, кәсіпорын басшылары, мемлекеттік қызметкерлер және азаматтық қоғам өкілдері бар. Біз еліміздің барлық 20 өңіріне барып, сайлаушылармен кездесеміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?