Мемлекет басшысы Президент Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның
отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен
құттықтады. Президент жеделхатта берік достық пен өзара
түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами
беретініне сенім білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах
Ас-Сисидің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Мысыр халқына құт-береке тіледі.

