Маңғыстау мұрасы: Жартас мешіттері ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін

Маңғыстау мұрасы: Жартас мешіттері ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін

Маңғыстаудың бірегей жартас мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енуі ықтимал. Киелі орынды насихаттау жөніндегі жұмыс Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атыраудағы Ұлттық Құрылтайдағы тапсырмасы бойынша қолға алынған. Осы уақыт ішінде мамандар ғылыми негізді номинациялық досье дайындап, бағалау миссиясын өткізді және халықаралық сарапшылардың техникалық қорытындысын алды. Бұл туралы әлеуметтік желіде Қазақстан Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин мәлімдеді. Оның айтуынша, «Маңғыстаудың жартасты мешіттері және олармен байланысты киелі орындар» аталымы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-ші сессиясында қаралады, жиын Оңтүстік Кореяда өтіп жатыр. Оған 196 мемлекеттен үш мыңға жуық делегат қатысуда. Комитет 10 күн ішінде 30 жаңа өтінімді зерттеуі тиіс. Бұл номинация бойынша қабылданатын оң шешім еліміз үшін аса маңызды оқиғалардың бірі болмақ, деп атап өтті Ерлан Қарин.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?