Қазақстанда инвесторлармен іс-қимыл бойынша жаңа әдістемелік анықтамалық құрылды

Қазақстанда инвесторлармен іс-қимыл бойынша жаңа әдістемелік анықтамалық құрылды

Жобаның бастауынан нақты жүзеге асуына дейінгі бағыт-бағдар. Қазақстанда инвесторлармен іс-қимыл бойынша жаңа әдістемелік анықтамалық құрылды. «Kazakh Invest» акционерлік қоғамының мәлімдеуінше, онда бұл бағыттағы жұмыс барысы толық қамтылған. Бұл нұсқаулықты әрбір орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган басшылыққа алатын болады. Бұл ретте айта кетерлік жайт, Қазақстан мен Катар арасындағы екіжақты тауар айналымында оң динамика байқалады. Былтыр өсім 50%-ды құрады. Парсы шығанағындағы елмен бірлескен 15 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылған. Олардың жалпы құны 18 млрд долларға бағаланып отыр. Сонымен қатар тараптардың ілеспе қәсіпорындарының тұтас кластерін құруға бағытталған 17 ауқымды басым жоба тізбесі әзірленді.