Атырау облысында техникалық кадрларды даярлаудың ауқымды бағдарламасы әзірленуде

Атырау облысында техникалық кадрларды даярлаудың ауқымды бағдарламасы әзірленуде

Атырау облысында 4,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Бұл – алдағы 5 жылға арналған жоспар. Айта кетейік, жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірде жоғары білікті кадрларды даярлаудың ауқымды бағдарламасы іске қосылады. Атап айтқанда, бұл мұнай-химия және машина жасау салаларына қатысты. Бұдан басқа, жастарға білікті жоғары, жұмыс тәжірибесі мол мамандарды тарта отырып, шеберлік сыныптары мен өндірістік практика ұйымдастрылады және облыста басқа да іс-шаралар әзірленеді.


Марат Әбуов, Атырау облысы білім басқармасының басшысы:


- Инфрақұрылымды жаңғырту бағытында, студенттерімізді жатақханамен қамту бағытында, жұмысшыларды кеңінен қоғам арасында беделін арттыру бағытында көптеген жұмыстар жоспарланды. Сонымен қатар мектептермен байланыс, яғни балалар жас кезінен бастап мектеп оқып жүрген кезінде, олардың құзіреттері мен қабілеттерін арттыруға, жұмыс басталды.


Борис Зиганшин, «Тексолтранс» ЖШС бас директоры:


- Біз бірқатар білім беру мекемелерімен, колледждермен, жоғары оқу орындарымен, келісімшарт жасастық. Жастарды Атырау вагон жасау зауытындағы заманауи станоктық жабдықтарда жұмыс істеу дағдыларын үйренуге, мамандықты игеруде тәжірибе жинақтауға шақырамыз.


Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылында түрлі іс-шаралар өткізіледі


2025 жылы Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылына арналған 12 ірі республикалық және халықаралық іс-шара өтеді. Астана бірінші болып ақпан айында «EXPO» көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалін өткізеді. 5 күн ішінде келушілер болашақ мамандықтарымен және перспективалы инновациялық технологиялармен таныса алады. Ұйымдастырушылар бірнеше павильон ашуға ниетті. Онда сондай-ақ ел экономикасының нақты секторындағы сұранысқа ие бағыттар туралы білуге болады. Сонымен қатар биыл Орталық Азия өңірі өкілдерінің қатысуымен халықаралық форум, «INNOVATION» республикалық хакатоны және Ақтауда кәсіби шеберлік бойынша «TURKICSKILLS» чемпионаты өтеді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?