7 мамыр - Қазақстанда Отан қорғаушылар күні

7 мамыр - Қазақстанда Отан қорғаушылар күні

7 мамырда Қазақстан мемлекеттік мереке - Отан қорғаушылар күнін атап өтеді. Бүкіл республика бойынша әскери қызметшілерге, ардагерлерге және еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге үлес қосатын, тәуелсіздік пен бейбітшілікті күзететін барлық мамандарға құрмет көрсетіледі. Биыл Қазақстан армиясына 34 жыл. 1992 жылдың 7 мамырында қарулы күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойылған. Ал 2012 жылы бұл күн мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды. Қазақстан армиясының құрамына құрлық әскерлері, әуе қорғанысы және әскери-теңіз күштері кіреді. Десанттық-шабуылдау әскерлері жасақталған. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы, Голан жоталарындағы, Тәжікстандағы, Ирактағы, сондай-ақ Африка құрлығындағы халықаралық бітімгершілік миссияларына қатысып келеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?