Қазақстанда креативті индустрия үшін цифрлық платформа іске қосылды

Қазақстанда креативті индустрия үшін цифрлық платформа іске қосылды

Қазақстанда «Qazaq Creative» жаңа цифрлық платформасы іске қосылды. Ол еліміздің креативті индустрияларының өкілдерін біріктіреді. Сервиске Қазақстанның барлық өңірлерінен 700-ден астам пайдаланушы қосылды. Платформа портфолиосы және дайын жобалары бар авторлар үшін бірыңғай базаға айналмақ. Порталда мемлекеттік қолдау шаралары, гранттар, инвестициялар, білім беру және акселерациялық бағдарламалар туралы ақпарат жинақталған. Креативті индустрияларды дамыту қорында атап өтілгендей, жаңа сандық алаң қаржы тартуға және авторлардың идеяларын ілгерілетуге көмектеседі. Мысалы, жаңа бастаған музыканттар өздерінің композицияларын әзірлеу және жариялауға қажетті қолдау таба алады.


Алмас Сағынұлы, Креативті индустрияны дамыту қоры басқарма төрағасының орынбасары:

- Олар бізге жүгіне алады, біз бұл пост-продакшнды қайда жасау керектігін айтамыз. Бұл, біріншіден. Екіншіден, олар өз жобаларын одан әрі аяқтау үшін бізден қандай да бір инвестиция ала алады. Егер олардың өз туындысын жариялайтын жері болмаса, бірақ олар барлық ресми музыкалық стриминг алаңдарына шыққысы келсе, біздің Қор базасында өз лейбліміз бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?