Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапарының екінші күні
Мәскеудегі Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын
қою рәсімінен басталды. Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстанның
мемлекеттік әнұранын орындады. Содан соң Құрмет қарауылы еліміздің ресми
делегациясының алдынан салтанатпен сап түзеп өтті. Еске салайық, Қазақстаннан майданға
1 млн 200 мыңнан астам жауынгер аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза
тапты. 500 астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды.
Кейін
Мемлекет басшысы Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы
Валентина Матвиенкомен кездесті. Президент бұл сапарын стратегиялық серіктестік
пен одақтастық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан елдердің сан қырлы
ықпалдастығының айтулы кезеңі ретінде қарастыратынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесуі жайында да айтты. Онда екі сағатқа жуық жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп,
көптеген мәселе талқыланғанын тілге тиек етті. Өз кезегінде Валентина Матвиенко Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарына Ресейдің
ерекше мән беріп отырғанын жеткізді.
Қасым-Жомарт
Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мен әртүрлі елдердің Парламент жұмысы мен дипломатиясын жақсы түсінемін.
Бұл сапар елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық
қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан тарихи маңызға ие.
Валентиной
Матвиенко, Ресей федералды жиналысы федерация
кеңесінің төрағасы:
- Жоғары мәртебелі, құрметті Президент! Сізді Федерация Кеңесінде - Ресей Парламентінің Жоғарғы Палатасында қабылдау біз үшін үлкен мәртебе. Мен барлық сенаторлар атынан Сізді, Сіздің Жоғары лауазымды делегацияңызды Өңірлер палатасында қарсы аламын!

