Өнеркәсіп - Астананың
экономикалық өсімі басты бағыттарының
бірі. Биылғы жылдың алғашқы алты айында елордалық кәсіпорындар 2,2 триллион теңгенің
өнімін шығарды. Өнеркәсіп өндірісінің индексі шамамен 112%-ға жетті. Бұл ретте
жалпы көлемнің 95%-ға жуығы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.
Саланың дамуына отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын
жобалар шоғырланған арнайы экономикалық аймақтар мен № 1
Индустриялық парк ықпал еткен. Олардың бірі - ағынды
суды тазарту мен су айналымына қажетті блокты-модульдік жүйелер шығаратын зауыт.
Кәсіпорын пилоттық режимде жұмыс істейді және толық өндірістік қуатына шығуға
дайындалуда. Қазірдің өзінде зауытта жасанды интеллект элементтері енгізілген.
Цифрлық алгоритмдер нақты уақыт режимінде тазарту құрылғыларының жұмысын
бақылауға, ықтимал іркілістерді жедел анықтауға және жабдықтарды
пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Андрей Беляев, зауыттың бас директоры:
- Біз тазарту құрылғыларының жұмысын автоматтандыру және мониторингілеу жүйесін жасанды интеллектке көшіреміз. Ол тазарту нысандарына қызмет көрсету және мониторинг жүргізуге көмектеседі, өйткені біздің жабдыққа қызмет көрсету айтарлықтай күрделі. АІ жүйеге мониторинг жүргізіп, қажет болған жағдайда жабдықтың үздіксіз жұмысын қалпына келтіруге көмектеседі.
Әйгерім Әкімжанова

