Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар, Шавкат Мирзиёевтің Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық беделін арттыруда мол табысқа қол жеткізіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті. Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты тереңдету, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?