Қазақстанда
Құрылтай депутаттарын сайлауға бір айдан сәл артық уақыт қалды. Саяси науқан
Орталық Сайлау Комиссиясы
бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес өтуде. Алдағы апталарға
бірнеше негізгі кезеңдер белгіленді. 11 шілдеге дейін
аумақтық сайлау комиссияларының құрамы жарияланады. 16 шілдеде учаскелік
комиссиялардың құрамы, сондай-ақ сайлау учаскелерінің мекен-жайлары мен
шекаралары белгілі болады. Партиялық тізімдерді ұсыну 13 шілдеге дейін
жалғасады, ал 23 шілдеде сағат 18:00-де оларды тіркеу
аяқталады. Сайлауалды үгіт 22 тамызға қараған түнге дейін
жалғасады. 2
тамызда учаскелік комиссиялар сайлаушылар тізімін ұсынып, 7
тамыздан бастап қазақстандықтар осы тізімдердегі жеке мәліметтерін
тексере алады. Дауыс беру 23 тамызда өтеді.

