Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен келді

Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысын Абу-Даби әуежайында Вице-президент шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян күтіп алды.


Қазақстан мен БАӘ тауарайналымын 1 млрд долларға дейін ұлғайтуға ниетті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен БАӘ президенті келіссөздері Qasr Al Shatie сарайында өтті. Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға көрсеткен сый-құрметі мен қонақжайлығы үшін ризашылығын жеткізіп, «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» сәтті өтуіне тілектестік білдірді.Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктері біздің араб әлеміндегі басты серіктесіміз екенін атап өтіп, елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар достық, сенім және өзара құрмет рухында дамып келе жатқанын назарға алды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президентін Қазақстанға келуге шақырды. Бүгінде Әмірліктер еліміздің экономикасына қаржы құйған он ірі шетелдік инвестордың қатарына кіреді. Былтыр бұл елден келген тікелей инвестиция көлемі екі есеге ұлғайды. Алдағы уақытта өзара алыс-берісті 1 миллиард долларға жеткізу мақсаты тұр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?