Сарапшылар Aitu Ұлттық мессенджерінің міндеттері туралы айтып берді

Сарапшылар Aitu Ұлттық мессенджерінің міндеттері туралы айтып берді

Қазақстанда осы жылдың күзінде қызметтік ақпаратпен қауіпсіз алмасуға арналған жаңа сервис іске қосылады. 15 қыркүйекке дейін AITU ұлттық мессенджеріне еліміздің квазимемлекеттік сектор ұйымдары мен мемлекеттік органдарының барлық қызметкерлері көшуі тиіс. Сонымен қатар, салалық министрлік басқа платформаларды, оның ішінде WhatsApp пен Telegram-ды жеке пайдалануға ешқандай тыйым салынбайды деп сендіреді. Aitu тек қана іскерлік хат алмасу ғана емес, жұмыс чаттары, жедел хабарламалар және мемлекеттік сандық тұғырнамалармен өзара іс-қимыл үшін негізгі құралға айналмақ. Жүйе файлдар алмасу үшін де, қарым-қатынас жасау үшін де ыңғайлы етіп жасалған. Ақпаратты қорғауға Қазақстанда орналасқан дата-орталықтар жауапты. Сондай-ақ, Aitu-да Ақорданың ресми жаңалықтары қолжетімді болады. Сондай-ақ Eotinish қызметтеріне, кино билеттерін сатып алуға, бейнені көруге және аудиокітаптарды тыңдауға мүмкіндік береді. Еске  сала кетейік, ұлттық мессенджерге көшу бұл ел Президентінің тапсырмасы.


Рустам Сағынбек, ҚР ЦДИАӨМ Басқармасының басшысы:


- Айту - жай ғана мессенджер емес, бұл тұтас бір супер апп, яғни ол отандық е-өтінішпен, сондай-ақ кейбір мемлекеттік қызметтермен интеграцияланған. Сондай-ақ, кешенді жүйе ойын-сауық, білім беру және жаңалықтар контент-жазбаларын қамтиды. Оның ішінде әуен тыңдап, бейне материалдарды көруге және қосымшаның өзінде жасанды интеллект қызметін пайдалануға болады. Ондағы барлық деректер ел аумағында сақталады, сондықтан олар Қазақстан Республикасының заңнамасына бағынады.

 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?