Қасым-Жомарт
Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Өзбекстанға жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла
Арипов қарсы алды. Самарқандта
Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен
«Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық
конференциясына қатысады. Сонымен қатар, бірқатар
кездесу өткізеді деп жоспарланған.

