Республика күні қарсаңында Президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Республика күні қарсаңында Президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, бизнес, өндіріс  саласының өкілдері, әскери қызметшілер, спортшылар мен еңбек ардагерлері бар. Марапат иелерінің қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен ерікті бар. Жалпы биыл мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым жұмысшылардың еңбегі ескеріліп,  мәртебесін асыруға мән берілді.  

Мемлекет Басшысы Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады

Сондай-ақ Президент Республика күніне арналған «Қастерлі Отан – Қазақстан» атты мерекелік концертке барды. «Астана Опера» театрында өткен салтанатты кеште елімізге танымал мәдениет қайраткерлері мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Мәншүк Шымырбай.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?