Қазақстан Президенті ЕО көшбасшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер
Ляйенмен келіссөздер жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен ЕО арасындағы
байланыс екіжақты ынтымақтастық тарихындағы ең жоғары деңгейге жеткенін атап
өтті. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды
дамытуға айрықша назар аударды. Сондай-ақ ол көлік-логистика байланыстарын
нығайту мәселелеріне тоқталды. Осы орайда Орта дәлізді Global Gateway
бастамасын ұштастыру әлеуетін атап өтіп, еліміздегі бірқатар ірі инфрақұрылым
жобасына еуропалық серіктестердің қолдау көрсетіп отырғанын жеткізді. Мемлекет
басшысы еліміз технология, бірлескен өндірістік жобаларға еуропалық инвестиция
тартуға, сондай-ақ энергетика, цифрландыру,
ауыл шаруашылығы, су қауіпсіздігі және климат секілді бағыттарда ықпалдастықты
одан әрі арттыруға мүдделі екенін растады.
Сондай-ақ ол визалық режимді жеңілдету және реадмиссиялау бойынша келіссөздердің аяқталғанына ерекше ризашылығын білдірді. Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта Қасым-Жомарт Тоқаевтың Euronews ресурсында жарияланған мақаласымен мұқият танысқанын жеткізіп, еліміздің Еуропа мен Азияның арасына көпір бола алатынына назар аударды. Еуропалық Комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, он жыл ішінде өзара сауда көлемі екі еседен асқан. Ол әлеует бұданда жоғары екенін айтты. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылды.

