Қазақстан Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды

Қазақстан Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды

Давос қаласында Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп қысқаша әңгімелесті. Ақорданың баспасөз қызметі әңгіменің мазмұнын тарқатты. Қазақстан Президенті Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі. Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Армения Президенті және Премьер-министрі, Индонезия Президенті, Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы, АҚШ Сауда министрі және ФИФА президентімен аз-кем әңгімелесті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?