Ресейде соғыста қаза болған қазақстандық жауынгерлерге мемориал ашылды

Ресейде соғыста қаза болған қазақстандық жауынгерлерге мемориал ашылды

Сталинград түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге Ресейдің Волгоград облысында ескерткіш қойылды. Мемориалдың биіктігі - 4,5 метр. Ал қола мүсін - 2 метрге жуықтайды. Ескерткіштің тұғырына жауынгерлік наградалардың барельефтері орналастырылған, сондай-ақ, қазақ және орыс тілдерінде жазулар бар. Монументтің ашылуы жауынгерлер Орынбасар Таңғатаров пен Азамат Қазиевтің туыстары үшін тарихи оқиға болды. Азамат Қазиев із-түзсіз жоғалғандардың қатарында болатын. Тек 70 жылдан кейін оның Кузьмичи ауылы маңында 1942 жылы қаза тапқаны белгілі болды. Айта кетейік, Сталинград майданына 300 мыңнан астам отандасымыз қатысты. Оның төртеуі Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Елена Семичева, Тамбов қаласының тұрғыны:

- Қазақстан бізге ең үлкен және достық республикалардың бірі ретінде майданға даласына көп сарбаз жіберді. Олар өте батылдықпен шайқасты. Жеңіс күнін жақындатуға зор үлес қосты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?