Қазақстан ШЫҰ даму банкін құру үшін АХҚО мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды

Қазақстан ШЫҰ даму банкін құру үшін АХҚО мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды

ШЫҰ елдері жаһандық ЖІӨ-нің үштен бірін қамтамасыз етеді. Ұйымның ішкі тауар айналымы 1 трлн долларға жуықтаған. Өзара сауда-саттықтың 67 млрд доллардан астамы Қазақстанға тиесілі. Мәскеуде ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысында еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектенов осындай деректер келтірді. Биылғы бас қосу аясында Ресей Президенті Владимир Путин делегация басшыларымен ұжымдық кездесу өткізіп, өзара экономикалық ынтымақтастық әлеуетін талқылады. Кеңейтілген құрамдағы жиында көлік-транзиттік ықпалдастықты дамытуға баса назар аударылды. Қазақстан Еуразияның негізгі хабтарының бірі ретінде транзиттік қуатын қарқынды түрде арттыруда. Еліміздің үстімен 5 теміржол дәлізі өтеді. Жалпы, соңғы жылдары Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 2 есеге жуық артқан. Өнеркәсіп кооперациясы шеңберінде ШЫҰ Даму банкін құру және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетігін енгізу маңызды қадам болмақ. Бұл бағытта Қазақстан «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалануға дайын. Жиын қорытындысы бойынша көпжақты ынтымақтастықты көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?