Түркі елдері «Таңбалы» қорық-музейінде жиналады

Түркі елдері «Таңбалы» қорық-музейінде жиналады

Қазақстанда өтетін Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысу  үшін Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және басқа да Түркі мемлекеттерінің жетекші түрколог мамандары жиналады. 9-11 маусым  аралығында өтетін мәдени шараны Алматы маңындағы «Таңбалы» қорық-музейінде өткізу жоспарланған. Дәл осы ескерткіш 2004 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді. Онда қатысушы ел өкілдері түркі археологиялық мұрасын зерттеу және сақтау, сондай-ақ қалпына келтіру саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға ниетті. Іс-шараның маңызды элементі Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен құрылған реставраторлар мен тарихшы-сәулетшілердің консультативтік кеңесінің бірінші отырысы болмақ. Оның мақсаты - Түркі әлемі елдерінде де, одан тыс жерлерде де түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау, қорғау және ілгерілету.