28-29 наурызда Бейжіңде Қытайдағы Қазақстанның туризм
жылының ашылуы өтеді. Аспан асты елінің астанасына мәдениет қайраткерлері,
музыканттар, бизнесмендерден тұратын барлығы 400 қазақстандық делегация келді.
Бағдарлама аясында туризм мен инвестицияларды дамыту бойынша Қазақстан-Қытай
форумы, сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді
деп күтілуде. Қытай халқы алдында Роза Рымбаева, Зарина Алтынбаева, Майра
Мұхамедқызы, сондай-ақ Астана балет театрының этнотоптары мен труппасы өнер
көрсетеді. Отандық әртістер көрермендерді еліміздің музыкалық мәдениеті және
дәстүрімен таныстырады.
Роза Рымбаева, ҚР халық әртісі :
-Менің ойымша шетелдіктерге біздің тұмса
табиғатымыз қызық. Ондай әдемі жерлер Қазақстанда жетерлік. Қазір біз театр
сахнасына шығып, өзімізді әрі даусымызды тексермекпіз. Әрине, бұл үлкен жауапкершілік.
Классикалық Үлкен театр сахнасынан бүгінгі Қазақстанның мәдениетін дәріптеу
үшін үлкен дайындық керек.
Ержан Еркінбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:
-Бүгінде Қытай тарапынан 280 қатысушы тіркелген. Бұл
дегеніміз Қазақстанмен әріптестік орнатудағы Қытайдың мүдделігін көрсетеді.
Бізді ортақ шекара байланыстырады және қытайлық туристерге әрдайым ашықпыз.
Форумда екі панельді сессия өткізу қарастырылған. Бірінші панельді сессияда
туризм саласын екіжақты ету мәселесін талқыламақпыз. Ал екінші сессияда
инвестициялық әлеуеттің перспективаларын сөз етеміз.