Оған Түмен облысының 11 ауданынан 7 мыңнан астам қазақ жиналды. Арнайы
орнатылған киіз үйлерде жергілікті диаспора өкілдері бауырсақ пен қымыз секілді
ұлттық тағамнан дәм татқызып қана қоймай, қазақ халқының дәстүрлі киімдерін
таныстырды. Ең бастысы, қонақтарды көшпенді халықтың ертеден келе жатқан
дәстүрлерімен таныстырып, ұлттық ойындарды да көрсетті. Құрылтайды өткізу үшін
Түмен өңірі бекер таңдалмады. Мұнда этникалық қазақтар ең көп тұратын аумақ.
Бүгінде олардың саны 10 мыңнан асады.
Есенғали Ыбыраев, Ұлттық-мәдени автономия төрағасы:
– Түмен облысында қазақтардың құрылтайын өткізу жақсы дәстүрге айналып
келеді. Сондықтан, біз оны жылда өткізуге тырысамыз. Жыл сайын ауқымымыз
кеңейіп, өткізу орындары өзгеруде. Бірақ, мейрамның мәні өзгермейді. Басты
мақсатымыз – көпұлтты халқымыздың бірлігі мен достығын сақтау. Құрылтай –
біздің үлкен және көпұлтты Түмен облысының барлық тұрғындары үшін үлкен мейрам.
Бұл мерекелік шараның қонақтары мен қатысушылары өз мәдениеті, дәстүрлері мен
жоралғылары туралы айтып, бір-бірінің, көрші-қолаңның салттары туралы біле
алады.
Естеріңізге сала кетсек,
былтыр Түмен облысында алғаш рет Жалпыресейлік қазақтар құрылтайы өткен
болатын. Оған көршілес елдің 18 өңірінен 17 мыңға жуық адам жиналды.