Қазақстан Тәжікстанға экспортты 190 млн долларға арттыруға дайын

Қазақстан Тәжікстанға экспортты 190 млн долларға арттыруға дайын

Қазақстан Тәжікстан еліне жалпы құны 190 млн долларды құрайтын 85 тауар түрі бойынша экспортты арттыруға дайын. Премьер-Министр Олжас Бектенов Тәжікстанға ресми сапары аясында орталықазиялық республика Президенті Эмомали Рахмон және Үкімет басшысымен кездесулер барысында осылай деп мәлімдеді.Тараптар өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Қолда бар әлеуетті ескеріп,  алда тауар айналымын 2 есе, яғни  2 млрд долларға дейін арттыруға ниетті екендерін жеткізді

Сонымен қатар қос ел өнеркәсіптік кооперация, энергетика және ауылшаруашылығы мен көлік салалары бойынша әріптестікті нығайтуға басымдық бермек. Сондай-ақ елдер Тәжікстандағы кен орындарын бірлесіп игеру мүмкіндіктерін қарастыруда. 

Бүған қоса Қазақстан рельс арқалық өнімдері мен локомотивтер, тепловоздар сынды темір жол техникасын және трансформаторлар мен аккумуляторлар жеткізе алады. Астана мен Душанбенің  аграрлық секторда да тығыз әріптестік орната алады. Екі жақты  ұн тарту өндірісі, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша ортақ жобалар құрудың болашағы зор.  Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қатарында цифрландыру саласы да бар.

Бұл ретте Қазақстан Тәжікстанға «eGOV» электрондық үкіметінің меншікті ұлттық жүйелерін өрістетуге көмек көрсету бойынша жұмыстарын бастады.