Қазақстан мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау
мен қорғауды бірлесіп жүргізуге ниетті. Оның аясында қос тарап экологиялық бағыттағы бірлескен білім беру институттарын құру
және тиісті кадрлар даярлауды жоспарлап отыр. Мәжіліс депутаттары экология саласындағы
ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауға бағытталған заң жобасын жұмысқа
алды. Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, мемлекеттер қоршаған ортаға зиян
келтіретін төтенше жағдайлардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды
қабылдауды қолға алған. Бұл ретте екі ел арнайы комиссия құрады. Жалпы, көрші
мемлекеттер бірқатар маңызды бағыттар бойынша жұмыс жүргізбек.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты :
-Ынтымақтастық
мынандай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: атмосфералық ауа мен судың
ластануын алдын алу және бақылау; қатты тұрмыстық және қалдықтарды басқару;
биологиялық әртүрлілікті сақтау. Арал бассейніндегі экологиялық ахуалды
жақсарту бойынша бірлескен іс-шараларды әзірлеу және келісімде қоршаған ортаны
қорғауға қатысты басқа да бағыттар көзделген.