Астанада Панфиловшы қаһармандар туралы сирек кездесетін құжаттар таныстырылды

Астанада Панфиловшы қаһармандар туралы сирек кездесетін құжаттар таныстырылды

Астанада Қазақстан Президентінің Архивінде аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының құрылғанына 85 жыл толуына және оның жауынгерлерінің ерлігіне арналған тарихи-деректі көрме ашылды. Экспозицияға бұрын белгісіз болған 50-ден астам мұрағаттық материал енді. Олардың арасында Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллиннің сирек суреттері, генерал-майор Иван Панфиловтың жеке ісі, әскери есептер, Алматыдағы дивизияның құрылуы және 316-шы атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолы туралы құжаттар, сондай-ақ кинохрониканың кадрлары бар. Көрме Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орайластырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспозиция панфиловшылардың тарихы туралы айтып қана қоймай, жас ұрпаққа тәлім көрсетуге арналған.

Әлия Мұстафина, ҚР Президенті архивінің директоры:

- Құжаттардың, бірегей куәліктердің ішінде сол кезеңнен сақталған қызықты фотосуреттерді жеке атап өтуге болады, дәл осы дивизия құрылған сәттен бастап, оның әскери тәртіпке дайындалған, арнайы оқытылған, сол кездегі Алматы қаласындағы оқу-жаттығу іс-шаралары өткізілген сәттердің бейнесі сақталған. Бұл іс шара патриоттық тәрбиеге, жастарымызды, өскелең ұрпақты тарихтың маңызды оқиғаларына терең бойлап, тәлім-тәрбие алуына бағытталған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?