Ресейде Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ филиалы ашылды

Ресейде Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ филиалы ашылды

Ресейдің Омбы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ресми түрде жұмысын бастады. Қазір талапкерлерді қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетейік, бұл Ресейде ашылған алғашқы қазақ университетінің филиалы. Алдағы уақытта студент алмасу, ғылыми жобаларды бірлесе атқару сияқты шаралар қолға алынбақ. Білім ошағына Қазақстан азаматтары Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен, ал Ресей азаматтары сұхбат арқылы қабылданады. Бүгінгі күні Қытай және Моңғолия мемлекеттерінен абитуриенттер де Омбыдағы қазақ университетінде оқуға ынта білдірген.


Нұркен Әбдіғали, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ Рекрутинг департаментінің директоры:

- «Алғашқты абитуриенттер келуде. 31 шілдеге дейін Омбы қаласында қабылдау жұмыстары жүретін болады. Бұл жерде негізгі үш бағдарлама бойынша қабылдау жүргізіледі. «кеден ісі», «халықаралық құқық» және «қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасы бойынша қабылдау жүргіземіз бакалавр деңгейінде. Осы үш бағдарламамен жұмыс жасайтын боламыз.»

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?