Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы препарат жыл соңына дейін тіркеледі

Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы препарат жыл соңына дейін тіркеледі

Қатерлі ісікке қарсы алғашқы қазақстандық препарат жыл соңына дейін тіркеліп, келесі жылдан бастап қолжетімді болады. Бұл туралы еліміздің Ғылым және жоғары білім министрі хабарлады. Саясат Нұрбектің айтуынша, дәрі-дәрмектің нарыққа шығу мерзімі ұлттық және халықаралық талаптарды қатаң сақтау, сондай-ақ клиникалық сынақтардың барлық кезеңдерін аяқтау қажеттілігіне тәуелді. Сынақ әлі де жалғасып, оң динамика тіркелуде. Айта кетейік, отандық препарат Назарбаев Университетінің базасындағы Астана ұлттық зертханасында әзірленген.


Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Бұл клиникалық сынақтар әлі де жүріп жатыр. Біз Денсаулық сақтау министрлігімен, Дәрілік заттарды тіркеу және сараптау ұлттық орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Онда өте қатаң регламенттер бекітілген, енді Еуразиялық Экономикалық Одақ та қосымша стандарттарын жасауға мәжбүр. Біз тіркеу рәсімінен толық өткеннен кейін клиникалар дәріні пайдалана алады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?