Астанада Cardiff университетінің кампусы ашылды

Астанада Cardiff университетінің кампусы ашылды

Қазақстан астанасында Cardiff университетінің кампусы ашылды. Бұл аталған жоғары оқу орнының Ұлыбританиядан тысқары жердегі алғашқы филиалы әрі Орталық Азиядағы Russell Group университеттерінің әзірге жалғыз өкілі. Биыл елордадағы өкілдігі 315 студентті қабылдады, олардың 300 мемлекеттік грант есебінен оқиды. Енді студенттер білікті шетелдік оқытушылардан 4 бағдарлама бойынша дәріс алады. Бұл қатарда жасанды интеллект, компьютерлік ғылымдар, бизнес басқару, азаматтық құрылыс және геология сияқты болашақта сұранысқа ие мамандықтар бар. Айта кетейік, соңғы үш жылда Қазақстанда Кардиф-пен қатар 40 шетелдік университет өкілдігі ашылды.

Венди Ларнер, Cardiff University Президенті және вице-канцлері:

- Біз студенттерді Data Science бағыты бойынша оқытамыз. Олар Қазақстанда жасанды интеллект саласын және Орталық Азиядағы деректер мен технологиялық инновацияларды талдау ісінің дамуына тың серпін қоса алады деп сенеміз. Біздің студенттер осы үрдістің басы қасында жүріп, бұл салада Қазақстанның болашағын құруда маңызды рөл атқарады деп ойлаймыз.  Түлектер Business Management бағыты бойынша қазақстандық компанияларда ғана емес, сондай-ақ бәлкім, одан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық компанияларда да жетекші орындарға ие бола алады.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Байқасаңыздар, ең жоғары ҰБТ баллдармен балалар тапсырды. Биыл IELTS деген халықаралық тіл тесті бар, Қазақстанның 10 азаматы ең жоғарғы балл 9 баллды алды, соның 9-ы Cardiff-ке түсті. Бұл не демек?! Енді дарынды балаларымыз шет елге жібермей, жоғалтпай оларды, ең мықтыларды, біз Қазақстанда қалдыруға мүмкіндік береміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?