Білім беру процесін цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу. Астанада
өткен дәстүрлі республикалық тамыз конференциясында бұл негізгі тақырыптардың бірі болды. Биыл іс-шара Саммит мәртебесіне ие
болды. Оған қазақстандық педагогтар мен халықаралық сарапшылар, жалпы 500
мыңнан астам адам қатысты. Білім министрі өз сөзінде 2026 жылдан бастап ЖИ элементтерін
мектептегі білім беру бағдарламаларына енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті.
Біздің еліміз қазірдің өзінде бар әлемдік тәжірибені қабылдап, бейімдеуге
дайын.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Бүгінге біздің
күнделікті өмірімізді жасанды интеллектісіз елестету мүмкін емес. Араларымызда ChatGPT-ды
бір рет пайдаланбаған адам жоқ шығар. Сондықтан, біз енді осы әлемдік мүмкіндіктердің
барлығын оқыту бағдарламасына енгізуге тиіспіз. Жасанды интеллект
технологияларын білімге сауатты енгізу – оқытудың тиімділігін, жеке оқушыға
бағыттылығын қамтамасыз етеді. ЖИ ұстаздарға да үлкен көмек беруде. Бұрын, егер мұғалім бір
сабақта барлық оқушыларды бағалай алмаса, енді сабақ барысында ЖИ арқасында
мұғалім 100 процент кері байланыс бере алады.