Референдумды 359 халықаралық бақылаушы қадағалайды

Референдумды 359 халықаралық бақылаушы қадағалайды

Дауыс берудің ашықтығын және рәсімдердің қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет. Қазақстанда референдумға дайындық кезеңіне ерекше көңіл бөлінді. Оған халықаралық бақылаушылардың қатысуы маңызды рөл атқарады. Референдумға тиісті тәжірибесі бар халықаралық сарапшылар мен талдаушылар бақылау жүргізеді. Ағымдағы науқанға Қазақстанда 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан 359 байқаушы аккредитациядан өтті. Олардың айтуынша, еліміздің жаңа Конституция жобасы үлкен әлеуетке ие және қоғамның заманауи қажеттіліктеріне сай келеді.

Уэсли Александр Хилл, Халықаралық бақылаушы /АҚШ/:

- Қазақстандағы 2023 жылғы парламенттік сайлауда бақылаушы болдым. Сондай-ақ Еуразияның басқа елдерінде, Африка мемлекеттерінде, Латын Америкасында және АҚШ-та қызмет атқардым. Мен сайлауда адамдарды дауыс беруге не ынталандыратынына назар аударамын. Мені сондай-ақ, сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін адамдардың, дауыс санауды қадағалайтындардың науқанды ұйымдастыру белсенділігі қызықтырады.

Альберто Туркстра, Халықаралық бақылаушы /Бельгия/:

– Бұл референдум Қазақстанның институттарын күшейту бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі. Өз қызметімде мен ең алдымен азаматтардың қатысуын бағалаймын. Адамдар өзін осы процестің бір бөлігі екенін сезінуі маңызды. Сондықтан дауыс беруге келу деңгейі, әсіресе жастардың, әйелдердің, сондай-ақ қоғамның барлық топтарының, соның ішінде мүгедектігі бар адамдардың қатысуы маңызды. Процесс инклюзивті болуы тиіс.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?