Қазақстан Президенті «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты

Қазақстан Президенті «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты

Қазақстан Президенті «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев С5+1 форматындағы кездесу өңір елдерімен Құрама Штаттар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашқанына назар аударды. Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамптың халықаралық саясаттағы рөліне айрықша тоқталып, оны көрнекті мемлекет қайраткері деп бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сіздің жетекшілігіңізбен Америка алтын дәуірге қадам басты. Біз «Американы қайтадан ұлы елге айналдыру» деп аталатын көреген тұжырымдамаңызды жоғары бағалаймыз. Бұл мақсат «Заң және тәртіп» қағидатына негізделген Әділетті, Қуатты Қазақстан құруды көздейтін ауқымды стратегиямызбен үндеседі. Бітімгер Президент ретінде сегіз айдың ішінде сегіз соғыстың тоқтауына ықпал еттіңіз. Осылайша, Американың халықаралық тұрақтылыққа тірек болған рөлін айтарлықтай күшейте түстіңіз.

Президент Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық компанияларды елімізде инвесторлар үшін жасалған оңтайлы жағдайды пайдалануға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- АҚШ – Қазақстанға 100 миллиард доллардан аса қаржы салған ең ірі инвесторымыз, экономикамыздың қозғаушы күші саналады. Соңғы жылдары елдеріміз арасындағы тауар айналымы екі есе өсіп, 5 миллиард доллар межесіне жуықтады. Америкадағы уранға сұраныстың шамамен 25 пайызын қамтамасыз етіп отырмыз. Қазақстанда 600-ден астам америкалық компания бизнес жүргізеді.

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары аясында құны 17 млрд доллардан асатын бірқатар келісімге қол қойылғанын айта кету керек. Бұл жасанды интеллект, авиация, білім беру, цифрлық технологиялар және өнеркәсіп салаларына қатысты 30 екіжақты құжат. Жалпы бүгінгі таңда Қазақстан мен АҚШ-тың экономикалық әлеуеті жарты трлн доллардан асады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?