Елімізде жанар-жағармай материалдарының, оның ішінде дизель отынының тапшылығы байқалмайды. Депутаттар тарапынан туындаған сауалға Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр осылай жауап берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда ішкі мұнай өнімінің тұрақтылығын сақтау мақсатында 2022 жылдың соңына дейін Республика аумағынан мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салуды ұзарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жанар-жағармай материалдары шектеулі сату фактілерін болдырмау үшін Республиканың ішкі нарығында бағалардың, сұраныс пен ұсыныстардың әсерін тұрақты болжау және талдау жүргізілуде. Атап айтқанда, делдалдарды жою және мұнай өңдеу зауыттарына шикізат жеткізу схемасы қайта қаралады. Осылайша, ЖЖМ көтерме және бөлшек сауда бағасын өсірмеу Үкіметтің бақылауында болады деп сендірді Роман Скляр.
Айта кетейік, Қазақстанға 2022 жылы Ресейден 825 мың тонна жанар-жағармай импорттау жоспарланып отыр.