Қазақстанның темір жол арқылы жүк айналымы 272 млрд тонна-шақырымға жетті

Қазақстанның темір жол арқылы жүк айналымы 272 млрд тонна-шақырымға жетті

Қазақстандық дәліздерге жүк ағынын тарту үшін терминалдар желісі кеңейіп келеді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа  «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы басшысы осы бағыттағы жұмыстар туралы есеп берді. Нұрлан Сауранбаевтың дерегінше, Алматы қаласында, Әзербайжанның Алят портында, Мажарстан астанасында, Мәскеу маңында терминалдар құрылысы басталды. Ляньюньган портымен бірлесіп, Ақтауда контейнерлік хаб салу жұмыстары қолға алынды. Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстан-Қытай терминалы іске қосылды. Бұл Транскаспий бағыты арқылы Аспан асты елінен жеткізілімнің ұлғаюына ықпал етті. Осылайша, Қазақстан-Қытай түйіспелері арқылы 32 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл – рекордтық әрі 2023 жылмен салыстырғанда 13% артық көрсеткіш. Жалпы контейнерлік транзит шамамен 9% өсті. Ал жүк айналымы 272 млрд тонна-шақырымды құрады.

Нұрлан Сауранбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Темір жол жобаларын салуына ерекше назар аударылды. «Достық – Мойынты» учаскесіндегі екінші жол және Алматыны айналып өтетін жол құрылысы биыл аяқталады. Сонымен қатар терминалдар салынып, цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. Компания Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған жұмысты жалғастырады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?