Қазақстан мен Финляндия арасындағы экономикалық байланыстар нығайып келеді

Қазақстан мен Финляндия арасындағы экономикалық байланыстар нығайып келеді

Қазақстан мен Финляндия экономикалық байланыстарды нығайтып, екіжақты сауда көлемін ұлғайтуға ниетті. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, 2024 жылы елдер арасындағы тауар айналымы шамамен 172 миллион долларды құрады. Сарапшылар одан әрі өсу әлеуеті жоғары екенін айтып отыр. Соңғы жылдары фин инвесторларының қазақстандық нарыққа деген қызығушылығы едәуір өскен. Финляндиядан тікелей инвестициялар ағыны 2024 жылы шамамен 42 миллион долларды құраса, бұл ағымдағы жылдың бірінші жартысында-ақ 24 миллионнан асты. Қазақстан Финляндияға өнеркәсіптік және химиялық өнімдерді, қара металдан жасалған бұйымдар мен машина жасау үшін қажетті бөлшектерді экспорттайды. Кері бағытта жоғары технологиялық және өнеркәсіптік жабдықтар, сондай-ақ жеңіл автомобильдер жеткізілуде.

Дәурен Әбен, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

¤

- Екі ел де байланыстарды нығайтуға дайын деп ойлаймын. Біз Финляндияны немен қызықтырамыз? Ең алдымен, оларды, әрине, біздің шикізат ресурстары қызықтырады. Бiрлескен кәсiпорындар, бiрлескен өндiрiс орындарын құру жөнiнде белсендi ынтымақтық құруымызға әбден болады, өйткені  тиімді қарым-қатынас жасауға ыңғайлы салалар бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?