Президентке Өнеркәсіп және энергетика саласының дамуы жөнінде баяндалды

Президентке Өнеркәсіп және энергетика саласының дамуы жөнінде баяндалды

Президент Өнеркәсіп және құрылыс министріне биыл отандық тауар өндірушілердің бірыңғай реестрін құруды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство басшысы Ерсайын Нағаспаевты қабылдады. Министр былтыр атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Өткен жылы Қазақстанда Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Қала құрылысы жобалары цифрлы жүйеге көшті. Жасанды интеллект көмегімен геологиялық білім қорын жасақтау қолға алынды. Мемлекет басшысы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті де қабылдады. Президентке мұнай өңдеу зауыттарының қалыпты жұмыс істеп тұрғаны баяндалды. Биыл мұнай өңдеу көлемін 17,6 миллион тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, министр Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырының екінші желісі және «Талдықорған-Үшарал» газ құбырының құрылысы жалғасып жатыр. Кездесу соңында Президент отын-энергетика секторын дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?