Қазақстан салмақты, сындарлы, бейбіт сыртқы саясат жүргізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ақордада төрт елдің төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде мәлімдеді. Қатар, Венесуэла, Камбоджа мен Бурунди мемлекетінің елшілері біздің елдегі дипломатиялық миссиясына кіріспек.
Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада аталған мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты дамытуда жаңа жетістіктерге қол жеткізетінімізге сенім білдірді.