45 қазақстандық құтқарушы
Ауғанстаннан оралды. Естеріңізге сала кетейік, олар онда жойқын жер
сілкінісінің салдарын жоюға көмектесті. Ұшақ Алматы әуежайына қонды. Әуе
айлағынан оларды әріптестері мен туыстары қарсы алды. Айта кетейік, Ауғанстанда
іздестіру-құтқару жұмыстары төрт күнге жалғасты. Қазақстан төтенше жағдайлар
министрлігінің қызметкерлері Герат провинциясының үш елді мекенінде тәулік бойы
жұмыс істеді. 200-ден астам қираған үйдің үйінділерін тазарттуға ат салысты. Зілзала ошағында айналған 700-ден астам учаскені зерттеді. 80
жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетілді.
Ұларбек Әбікеев, ҚР ТЖМ Азаматтық
қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
-Оқиға орнына жете сала,
тәуліктік кесте бойынша жұмыс істедік. 11-і қазан, таңғы сағат 5-те қайтара жер
сілкінісі болды. Жергілікті биліктің мәліметінше, тағы екі елді мекен – Шояқ
пен Сияхаб та түп-тамырымен жойылып кетті. Үйінділер астында адамдар болуы
мүмкін еді. Ол аумақтарды зерттеп, анықтау үшін екі топ құтқарушылар жіберілді.
Бірақ, қуаншымызға орай, адамдар үйінді астында қалмаған. Бірақ, зардап шеккен
Шояқ елді-мекенінің 10 тұрғынына жедел медициналық көмек көрсеттік. Артынша,
алғаш қатты зілзаладан зардап шеккен Наиброфи елді-мекеніндегі жұмысымызды
жалғастырдық.