Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Биыл 9 айда Алматы қаласының негізгі капиталына 1 трлн 133 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Президентке қала әкімі мәлім етті. Ерболат Досаевтың айтуынша, кәсіпкерлік субъектілер саны айтарлықтай өсіп, 360 мыңнан асқан. Нәтижесінде Алматының өңірлік жалпы өнім көрсеткішіндегі шағын және орта кәсіпкерлік үлесі 60% дейін артады. Сондай-ақ, қаланың дамуын сапалы қамтамасыз етуге арналған Қала құрылысы регламенті, Құрылыс жүргізу ережесі және Тұрғын үйді реновациялау бағдарламасының жаңа жобасы әзірленді. Әкімнің айтуынша, басым бағыттың бірі – инженерлік инфрақұрылымды жаңарту. Есепті кезеңде 219 шақырым сумен жабдықтау және су тарту желілері салынды. Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.