Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

Қазақстан келесі жылы Аймақтық климат саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жасыл климат қорының атқарушы директоры Мафальда Дуартені қабылдау кезінде айтылды. Кездесуде Қазақстан мен қор ынтымақтастығын нығайту келешегі талқыланды. Өз кезегінде Мафальда Дуарте климат проблемаларын шешуге бағытталған Қазақстанның күш-жігеріне қолдау білдіріп, Ұлттық бейімделу жоспарының орындалуына жоғары баға берді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?