Қазақстанда әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курортының құрылысы басталды

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курортының құрылысы басталды

Қазақстанда Almaty Superski тау курортының құрылысы басталды. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кезекті кеңесте айтылды. Онда Алматы тау кластерін дамыту мәселелері қаралды. Жиында Almaty Superski жобасының негізгі нысандарын жобалау және салу мәселелері бойынша бірқатар шешім қабылданды. Ашық конкурс шеңберінде демалыс аймағының құрылысына тартылатын халықаралық жетекші компаниялар айқындалды. Мәселен, нысандағы 11 заманауи аспалы жолды француздық POMA компаниясы салады. Бұл компания әлемнің 90 елінде 8 мыңға жуық жобаны жүзеге асырған. Курортта 3S жүйесіндегі гондолалы аспалы жолдар, 10 орындық гондолалы желі және креслолы көтергіштер салу жоспарланған. Ал құрылысты басқару және барлық жұмысты үйлестіру міндеті америкалық компанияға жүктелген.

Ержан Еркінбаев, «Kazakh Tourism Development» компаниясының бас атқарушы директоры

- Almaty Superski жобасының ғимараттары көбіне экологиялық стильде, экологиялық тәсілмен жүзеге асырылатыны белгіленген болатын. Содан Норман Фостр архитектуралық бюросы әзірлеген жоба, маңыздысы ғимараттардың, станциялардың негізгі конструкциялары ағаштан жасалады. Демек, тау бөктерінде құрылыстың, шаң мен жер қазудың көлемі аздау болады. Бұл конструкциялардың өндірушісі канадалық дүниежүзінде ең танымал StructureCraft  компаниясы тағайындалған.

Үкімет басшысы жоба сапасын қатаң бақылап, қауіпсіздік пен экологиялық жауапкершіліктің халықаралық стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды.  Almaty SuperSki жобасын жүзеге асыру тау кластерінің әлеуетін ашады, туристік саланың дамуына елеулі серпін береді және қызмет көрсету саласына кең мультипликативтік әсер етеді. Айта кетейік, тау шаңғысы курортының іске қосылуы 2028 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?