Қазақстан Президенті жанындағы Комиссия отырысында Еуропа Кеңесі/GRECO жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының ұсынымдары қаралды. Отырыс Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өтті. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын одан әрі енгізу мақсатында Ұйыммен өзара әрекеттесу қажеттігін атап өтті. Комиссия сондай-ақ көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарының іске асуын талқылады. Оның үлесін азайту үшін үш жылдық жоспардың орындалу барысына мониторинг ұйымдастыру және қабылданған шараларды жедел түзету қажеттігі айтылды.