Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік
күнімен құттықтады. Осыған орай Қазақстан Президенті Ақ үй басшысына құттықтау
жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы бұл айтулы күнді Америка халқының
табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және демократия қағидаттарына мызғымас
беріктігінің символы ретінде атап өтті. Сондай-ақ, екіжақты кеңейтілген
стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысын жеткізді.

