Астанада бірінші «Орталық Азия — Италия» саммиті басталды. Қазақстан
алқалы жиынға қатысатын мемлекет басшыларын қарсы алды. Елордаға Қырғызстан,
Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан Президенттері келді. Саммитке Италия
Премьер-министрі де қатысып жатыр. Басқосуда тараптар өңіраралық сауда,
инвестиция, энергетика, экология, көлік, логистика, білім және ғылым
саласындағы ынтымақтастық келешегін пысықтайды. Айта кетейік, Италия - Орталық
Азия аймағының стратегиялық маңыздылығын мойындаған және С5+1 форматындағы
диалогқа қосылған Еуроодақтағы алғашқы мемлекеттердің бірі.

