Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам
Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Оның аясында Мемлекет басшысы елдің
Премьер-министрі және Президентімен келіссөздер жүргізеді. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және
мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту әлеуетін талқылайды. Сонымен қатар
сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысуы
жоспарланған.

