«Әділет» партиясы қала мен ауыл арасындағы алшақтықты
қысқарту мәселесін талқылады. «Қуатты өңірлер - қуатты ел» стратегиялық
сессиясында сарапшылар ауылды дамыту, коммуналдық шаруашылықты жаңғырту,
экология, энергетика және инвестиция тарту мәселелерін қарастырды. Партия
мүшелері атап өткендей, мемлекеттік саясаттың тиімділігі экономикалық
көрсеткіштермен ғана емес, өмір сүру сапасының өзгеруімен өлшенуі тиіс. Ұлттық
экономика министрлігінің мәліметінше, елді мекендердің қажетті нысандармен және
тиісті қызметтермен қамтамасыз етілуі 68%-ға жетті. Қалалық және ауылдық
инфрақұрылым арасындағы алшақтық сақталып отыр. Сондықтан базалық қызметтердің
қолжетімділігін арттыру өңірлік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып қала
бермек. Ал стратегиялық сессия барысында айтылған ұсыныстар осы саясатты жетілдіруге
пайдаланылады.

