ТМД елдері арасында санитарлық қорғау саласында ынтымақтастық орнады
ТМД елдері эпидемиологиялық ахуалды қадағалауда күш біріктіреді. Мәжіліс Достастыққа қатысушы мемлекеттердің аумақтарын санитариялық қорғау бағытында ынтымақтастық туралы келісімді қабылдады. Заң аясында қауіпті аурулар мен тауарлардың тарауына жол бермеу көзделген. Бұл тізімге шешек, полиомиелит, эбола, тырысқақ және сары безгек сынды ағзаға қатерлі індеттер дің 18 түрі енген. Сондай-ақ халық көп тұтынатын 19 тауарлар тобы жатады. Олармен күресуге қатысты өзара іс-қимылды үйлестіру елдердің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің кеңесіне жүктеледі.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Келісімде қатысқан жақтардың кез келгенінің өтініші бойынша осындай аурулар мен тауарларды анықтау және таралу жағдайлары туралы тараптарды жедел хабардар ету, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін практикалық, техникалық көмек көрсету бойынша ТМД елдерінің міндеттемелері айқындалған. Осы келісімді қабылдау ТМД-ға қатысушы мемлекеттер халқының санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.