Президент Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасарын қабылдады

Президент Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасарын қабылдады

Қазақ-түрікмен қарым-қатынастары барлық бағытта достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында дамып келеді. Елдер арасында экономикалық өзара іс-қимылдың жоғары серпіні байқалады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесу барысында айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Ашхабад бастамашы болған Бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтап, Түрікменстанның бітімгершілік бастамаларының маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, оны табысты жүзеге асыру үшін Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін де тілге тиек етті. Өз кезегінде Рашид Мередов тараптардың өзара іс-қимылының берік және ұзақмерзімді перспективалары бар екенін айтты. Тараптар энергетика, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салаларда бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?