Өткен жылы Павлодар облысына 1 трлн теңгеден астам
инвестиция тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында аймақ басшысы Асайын Байханов
облыстың даму қорытындысы туралы айтты. Аймақта құрамында алтын бар
концентратты қайта өңдеу және ферроқорытпа өндірісі бойынша 2 жобаның жүзеге асырылады.
Екібастұзда 3 ферроқорытпа зауытын салу жоспарланған. Бұл кәсіпорындар іске
қосылса, Қазақстан осы өндіріс бойынша
әлемде екінші орынға шығады. Мемлекет басшысы инвестиция тартуды жалғастыру,
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын сапалы жүзеге
асыру маңызды екенін атап өтті.
Асайын
Байханов, Павлодар облысының әкімі:
- «Мұнымен қоса Мемлекет басшысының Ертіс өзенінен өтетін көпірді салу,
әуежайды қайта жаңарту және екібастұздағы бірінші МАЭС-тің қуаттылығын арттыру
бойынша тапсырмаларын орындалуы бойынша баяндадым».

