Мемлекет басшысы
Stadler Kazakhstan зауыты шығарған алғашқы жолаушылар вагонын
көрді. Көліктің
қолдану мерзімі – 40 жыл. Аталған кәсіпорын
купе, плацкарт және қозғалысы қиын жолаушылар үшін арнайы
вагондар шығарады. Биыл 51, ал 2030 жылға дейін 557 вагонды пайдалануға беру
жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевқа темір жол қатынасы
жүйесін жаңғырту барысы жөнінде есеп берілді. Бүкіл ел бойынша 125 вокзалға
жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Халықаралық серіктестермен бірлесіп, қызмет
көрсету сапасын арттыруға бағытталған шешімдер енгізіліп жатыр. Пойыздар
спутниктік интернетке қосылады. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында мәліметтерді
талдай алатын 4 мың камера пайдаланылады.

